Стандарттар


Сәйкестендіру


GS1 сәйкестендіру кілті


GS1 Мәлімет тасушы


Штрих код түрлері


Штрих код мінездемесі


EPC/RFID


Деректермен Алмасу


GS1 EDI


GDSN деген не?


Стандарттарды Қолдану


Бақылау үрдісі

GS1  EDI   Электронды   дерек   алмасу   стандарты

EDI (электронды дерек алмасу) – хабарламалар  стандарты  және  оның реттелген  үлгісі  негізінде  мекемелер   арасында   коммерциялық   ақпарат алмасуға  мүмкіндік  беретін   технология.  GS1  EDI   электронды   іскерлік қатынас   хаттарды  жүзеге  асыруға  болатын   жаһандық   стандарттарды топтастырады.   Аталмыш   стандарт  сауда   серіктестері   арасында  келісімді   іскерлік   ақпаратты   электронды   автоматты  түрде  тасымалдауға   мүмкіндік береді. Үдерісті  автоматтандыру  шапшаңдылықты,   тиімділікті  және  дәлдікті  қамтамасыз  етеді.  Бүгінгі таңда  GS1-нда   бірін-бірі  толықтыратын   EDI  стандартының   үш топтамасы   бар.

• GS1  EANCOM®

• GS1  XML

• GS1  UN/CEFACT  XML

Бұл   стандарттар   қолданушылармен  түрленіп  жетілдірілді,  алайда  XML стандарты  деректермен алмасуда  ғаламтор технологиясын қолданушылар  үшін  жақсы  бейімделген. Күнделікті  бизнес  саласында  қомақты   қағаз   құжаттар   өңделіп,  жинақталады. Тапсырысты   сатып   алу, есеп-шот   және   тағы  басқаларды   қамтыйды.

Қалай   болмаса   да,  коммерциялық   келісімдерде  тауар  барысын бақылап,  оны   бағыттап  алып   жүру  үшін  осындай  ақпараттардың болғаны  дұрыс. Электронды  дерек   алмасу  бұл  процесті   басқаруды  ең тиімді   механизммен   қамтамасыз  етеді.

EDI   дегеніміз   не   және   ол   қай    жерде   қажет  ?

1.     EDI – дің   артықшылықтары  қандай ?

Бүгінгі   таңда   көпшілік   сауда   құжаттарының  деректері  компьютерде    бұрыннан  бар  қолданбалы  бағдарламалардан  құралған. Қағаз   құжаттары  оның  мазмұны  байланыстың  факсимальды  немесе  пошта   арқылы  нақты  жіберілетін   болғанда   ғана   ақпарат  көшіріледі  және  басылып   шығарылады.

Өз  кезегінде, іскерлік серіктестер барлық деректерді басқа компьютердің   қолданбалы   бағдарламасына  одан  әрі   өңдеу   үшін   қайта қолмен  енгізеді.  Бұл   баяу   болғанмен,  қымбат   және   сенімді   тәсіл болып саналады. Электронды деректер алмасу  сауда серіктестеріне коммерциялық  ақпаратты  автоматты  түрде  бір компьютерден  басқа компьютерге   тікелей   жіберуді   қамтамасыз  ететін  тиімді   тәсіл. Компаниялар   компьютер   жүйесіндегі   сыйымсыздыққа   алаңдамауы  қажет.   EANCOM   стандарты  хабарламаны қолдана отырып, қолданушының   бағдарлама  түріне  немесе  құрал-жабдығына   қарамастан деректердің  жылдам,  тиімді және дәлме-дәл жеткізілетініне күмән келтірмейді.

EDI – ақпараттық  процесті  жинақтайды,  ол   оның   бағасы мен уақытын,  сонымен   қатар   шығынын   азайтады.

EDI - қолданудың үлкен жетістігі компаниялар мен олардың серіктестерін   үлкен   және   тиімді   мүмкіндіктермен   қамтамасыз  етеді.

Табыстылық:  Барынша   өңделген   құжаттар   көлемі   азайып, әкімшілік   және   еңбекақы  шығынын  үнемдеуге   мүмкіндік  береді. Жұмысшы  адам  бос  қалған   уақытын  компания  ішіндегі  одан  да  маңыздырақ   міндетті   орындау   үшін    жұмсайды.

Деректерді жоғары жылдамдықта өңдеу: Үлкен көлемдегі коммерциялық   ақпарат  бір  компьютерден  екінші   компьютерге   бірнеше минуттарда   жеткізеді,  тұтынушының    талабын   жылдам  қанағаттандырып    және    шапшаң   жауап   алуын  қамтамасыз   етеді.

Жоғары  дәлдік:  EDI   ақпаратты  компьютерге   қолмен  енгізу   алдында  болуы   мүмкін  қателіктерді  болдырмауға  мүмкіндік  береді. Жоғары   логистикалық   басқару   мен   басқару    үрдісіне,   сонымен    қатар өнімді    табуға    және    оның   жылдам   жеткізілуіне   мүмкіндік   береді.   EDI   қағида   бойынша  «дәл  белгіленген   уақытында»,  және  «клиент-жеткізуші» тізбегі, «тапсырысқа  жедел  жауап   қайтару»  негізінде   жұмыс істейтін,   нәтижесінде   жоғары    нормативпен  қорды  айтарлықтай үнемдеуге    болатын   өндірістің   негізгі   компоненті.

2.        EDI    және   UN/EDIFACT  стандарты

Электронды  дерек  алмасу   тәжірибе  алаңында  жаңалық   болып табылмайды,   көптеген   компаниялар  1960  жылдардан   бері   оны өздерінің    негізгі    ішкі   форматтарында   қолданады.        Алайда   EDI  стандартын   тұрақты  енгізу  үшін   сауда-саттықтағы   әріптестер   хабарлама   алмасуда,  іскерлік   және   коммерциялық   қызмет    барысында   бір   тілді   қолдануы  тиіс.  1970   жылдардың    ортасында   EDI    стандарты  көптеген   салаларда  бірқатар   елдерде   топтастырылған.  Көп   жылдар бойы    көптеген   жағдайларда   жалпы   ұлттық   стандарттар   жүргізілді.   EDI   стандарты   дүниежүзілік    іскерлік   талаптарға  сай  жауап   беретіндей,     көпсалалы   халықаралық  EDI  стандарты  сонымен   қатар   аса   қажеттілік   болғаны   анық.  1980-шы  жылдардың   ортасында  EDI  стандартын   жасау   Еуропалық   экономикалық   комиссияның   жұмысы аясында   бірқатар   ерекшелік    үшін  жұмыс  тобында    (WFI4) халықаралық    сауда   процедурасын   қысқарту   үшін   қажет  болды.  1987  жылы  UN/EDIFACT (ЭДИФАКТ-ООН) аббревиатурасымен  аталмыш  танымал    синтаксис    немесе    грамматика  осындай  жалпы   ортақ   іскерлік     байланыс,    ISO 9735  EDI   стандарты    сапасында   мойындалды.

UN/EDIF ACT стандарты  немесе  электронды  дерек  алмасуды   басқаруда, сауда  да  және  көлікте,  БҰҰ  шеңберінде  қабылданған  халықаралық   стандарттар   деңгейінде   келісілген тізімдеме мен  басқарудың    электронды   деректермен   алмасу   жиынтығын   құрады.

UN/EDIFACT ұйымдық   құрылым. 60 - тан  астам  ел  және  үлкен  көлемдегі  халықаралық  ұйымдар,  мәселен  Еуропалық  комиссия,  Халықаралық  әуе  көлігі қауымдастығы ИАТА,  Халықаралық  Сауда  палатасы,  (ISO)  Халықаралық   стандарттау  ұйымы (СХҰ),  Халықаралық  кеме  қатынасы   палатасы   және   Халықаралық  GS1 қауымдастығы N/ECE WP 4 жұмыс  тобына GS1 Халықаралық  қауымдастығы  ұсынылды.  GS1 Халықаралық   қауымдастығы UN/EDIFACT стандартын мемлекеттік тұрғыда    аймақтық   және    халықаралық   деңгейде   құру   процесінде  белсенді   қатысушы   болды.

UN/EDIFACT Эдфакт басқаруда, сауда да және көлікте дерек  алмасудың   әмбебап  ережелері   жүйесі.